Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің IТ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ

Published by tptk.kz on

IT құзіреттілік орталығы ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

IT-орталықта екі желілік платформа жұмыс істейді: CISCO желілік академиясы және STEM академиясы. Басты оқу корпусының үшінші қабатында WorldSkills жаттығу лагері орналасқан.

Орталық STEM-аймақпен, семинар залымен, коворкинг-орталығымен, бейне және фотостудиямен, бизнес-инкубатормен жабдықталған. Онда ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін жағдай жасалған. Орталықта Web-дизайн және әзірлеу, 3D-модельдеу, CAD платформасында жобалау бойынша оқыту курстары өткізіледі.

Сондай-ақ, студенттер үшін модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильді қосымшаларды іске қосу, сайттар құру сияқты практикалық сабақтар өткізіледі.

Сонымен қатар, колледж қабырғасында жаңа IT технологияларды зерттеу бойынша зертханалар орналасқан. Зерттеу орталығы Жаһандық заманауи бұлтты технологияларды құру бойынша жұмыс жүргізуде және қазіргі уақытта колледж мамандары орталықтандырылмаған Блокчейн деректер базасын, M2M, P2M технологияларын және т. б. зерттеу үстінде.

Categories: НОВОСТИ