Елордамызда 1 қараша мен 10 желтоқсан аралағында өткен «WordSkills Kazakhstan – 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу рәсімі өтті.

Published by tptk.kz on

Еліміздің әр өңірінен 188 колледж және жоғары оқу орындарының студенттері медальдармен марапатталды.

Биылғы жылы бұл сайысқа Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 23 құзыреттілік бойынша қатысып, өз дағдыларын көрсетті.

«WordSkills Kazakhstan – 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысында Талдықорған жоғары политехникалық колледж студенттері 4 медальді жеңіп алды, оның ішінде 1 күміс, 3 қола. Нәтижелер жаңа халықаралық жүйе бойынша бағаланды.

Осы жылдың жеңімпаздары келесі жылы Шанхай қаласында өтетін халықаралық байқауларға қатысып, бақ сынайтын болады.

Барлық жеңімпаздарға алғысымды білдіре отырып, алдағы әлемдік додада биіктерді бағындыруына тілектеспін!

Categories: НОВОСТИ