“Мирас”колледжінің мұражайы
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7 бабын жүзеге асыру мақсатында жасалды және мұражай қорын қалыптастыру мен сақтауды белгілейді (әрі қарай – Ереже).
Мұражай қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады:
1) мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен;
2) жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен;
3) сот арқылы немесе өзге де осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтарды немесе жекелеген заттардың есебінен;
4) археологиялық экспедициялардың нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылган ғылыми немесе тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың немесе көмбелердің есебінен.
Мұражайларға бір мезгілде бір топ мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтары келіп түсіп, оларды бірден қабылдау актімен тіркеуге алып, Түсім кітабына жазу мүмкін болмай қалған жағдайда негізгі қорға қосвмша уақытша сақтау қоры құрылады. Жинақтарды толық сақтауды қамтамасыз ететін негізгі қызметі болып табылады.
Мұражай қорын қалыптастырудағы негізгі есептік құжаттар мыналар:
1) бас инвентарлық кітап (түсім кітабы);
2) мұражай жәдігерлерін және мұражай жинақтарын уақытша (тұрақты) қабылдау актілері осы Ереженің1 қосымшасына сәйкес үлгіде;
3) мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтарын есептен шығару (қордың құрамынан шығару жағдайда) актілері;
4) мұражай жәдігерлерін және (немесе) мұражай жинақтарын тапсыру кезіндігі меншік иесінің еріктілігін растайтын нотариалды түрде бекітілген құжаттың көшірмесі;
6) төлемақы түбіртегі.
Мұражай – мұражай қорларын қалыптастыру мен сақтауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың кеңінен қолданылуына жағдай жасайды. Осы мақсатта ол төмендегілерді жүзеге асырады:
1) Тарих мұражай қорының құрамына енген мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтарын есепке алу мен сақтау;
2) қорды түрлі материалдың сақталуының ерекше режиміне сай қатаң қадалаған арнайы құрылғылары бар ғимараттарда орналастыру;
3) мұражай құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу, жаңғыртуды және консервациялауды талап ететін жәдігерлерді анықтау;
4) тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де құндылықтарды құрайтын материалдық немесе рухани мәдениет бұйымдарын зерттеу, жоспарлы түрде жинақтау;
5) мұражай қорында сақтаулы мұражай жәдігерлері мен мұражай жинақтары туралы;
6) анықталған күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде мұражай жәдігерлері мен мұражайжинақтарының жоғалғаны немесе бүлінгені туралы.