ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖІ АТАНДЫ!

Published by tptk.kz on

«Талап» КЕАҚ өткізген Республикамыздың колледждерінің жыл сайынғы рейтингі қорытындысы бойынша колледж 92,12 балл жинады.

Колледж жұмысының негізгі көрсеткіштері бес көрсеткіш бойынша бағаланды: қызмет сапасы (25 балл), кәсіби персонал (15 балл), бизнес -қоғамдастықтармен қарым -қатынас (35 балл), WorldSkills жобасына қатысу және басқа инновациялық жобалар (10 ұпай), студенттер саны (15 ұпай) .

Рейтингке Республикамыздың колледждері қатысты.«Талап» КЕАҚ рейтингісінің нәтижесі бойынша Талдықорған жоғары политехникалық колледжі БІРІНШІ орынды иеленіп, ҚР ЕҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖІ атанды!

Categories: НОВОСТИ