“TALAP” КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ А. Е. БЕКТҰРҒАНОВТЫҢ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ІС САПАРЫ
25 маусым күні «Talap» КЕАҚ президенті Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов «Жас маман» жобасынА қатысқан Алматы облысы колледждерін аралап, қызметімен танысты.
Осы мақсатта Алматы облысың Білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов «Жас Маман» жобасының мүдделі тараптарымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Алматы облысына қарасты колледж директорлары мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Дөңгелек үстелде «Жас маман» жобасын іске асыру барысы, әлеуметтік серіктестік аясындағы колледждердің серіктестерімен бірлескен іс-шаралар және халықаралық стандарттарға сәйкес халықаралық салалық аккредиттеуден өтуге дайындық барысы туралы әр түрлі тақырыптар қозғалды.
Дөңгелек үстел, «Жас Маман» жобасы аясында шетелдік серіктестер жасаған білім беру бағдарламалары негізінде оқу жұмыс жоспарын құрастырушылардың кездесуімен жалғасты.