Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Published by tptk.kz on

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді.

Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!

Categories: Объявление