“ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ” МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ

Published by tptk.kz on

“Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша 2021 жылғы түлектер алғаш рет мемлекеттік емтихандарды демонстрациялық емтихан форматында тапсырады. Емтихандар төрт модуль бойынша өткізіледі, Соның ішінде:

А модулі: жаттығушылармен дене шынықтыру және спорт қызметін ұйымдастыру. Тапсырма: берілген жабдық түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, еріктілермен спорттық эстафетаны әзірлеу және өткізу. Мақсаты: берілген жабдық түрлерінің ерекшелігін ескере отырып, эстафетаны өткізу қабілетін көрсету.

Модуль В. Дене шынықтыру сабағының кіріспе бөлігінің үзіндісін көрсету. Тапсырма: Мектеп жасындағы білім алушылар үшін дене шынықтыру бойынша оқу сабағының кіріспе бөлігінің фрагментін өткізу. (Сәлемдесу, саптық дайындық, жаттығу. 9-11класс.) Мақсаты: мектеп жасындағы білім алушылар үшін дене шынықтыру бойынша оқу сабағының кіріспе бөлігінің фрагментін өткізу білігін көрсету. (Сәлемдесу, саптық дайындық, жаттығу. 9-11класс.)

С модулі: спорттық ойындар. Тапсырма: әр түрлі спорттық ойындардың ойын әрекеттерін көрсету. Мақсаты: ережелер туралы білімдерін көрсету және спорттық ойындардың әртүрлі түрлерінен спорттық құрал-саймандарды меңгере білу.

Жеңіл атлетика тапсырма: жеңіл атлетиканың әртүрлі түрлерінен жеңіл атлетика жаттығуларын орындау техникасы мен әдістерін көрсету. Мақсаты: ережелер туралы білімдерін көрсету және жеңіл атлетиканың әртүрлі түрлерінен спорттық құрал-саймандарды меңгере білу.

Categories: НОВОСТИ