«IT Project» облыстық жастар инновациялық жобалар байқауы
«IT Project» облыстық жастар инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы
Ереже шарттары
Жалпы ережелері
1.Байқауға Алматы облысы колледждерінен және мектептерден (10-11 сынып) дарынды білімгерлерді қатыстыруға шақырамыз.
- Байқау ұйымдастырушысы – КММ «Жетісі дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу әдістемелік ортылығы, КМҚК «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі»
- Байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1сәуірінен бастап 16 –шы сәуірге дейін қабылданады.
- IT технологиясы бойынша ұйымдастырылып отырылған бұл байқау орталығында жастар өз идеяларымен бөлісіп, тәжірибе алмасады.
1.Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері:
Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми- инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру.
- жастарды ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу
- энергия және ресурс үнемдеу технологияларды, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңашыл жобаларды қолдау.
Шығармашыл жастарды қолдау, IT саласының кадрлық әлеуетін сақтау және оларды дамытуда жағдайлар жасау, IT мамандығы бойынша қайта даярлауды ынталандыру; - Ең жақсы IT-жобалар мен ІТ-индустрия көшбасшыларын алға жылжыту, салаға және тұтастай алғанда аймақтағы ІТ-салаға қатысушылардың оң имиджі мен беделін арттыру;
- байқауға қатысушылардың білім деңгейін көтеру, кеңестер алу, cарапшылар кеңесінің қатысушыларынан әдістемелік қолдау алу.
2.Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Қатысушылар болып, Алматы облысы колледждерінің және мектептердің 10-11 сыныптары өтініш бере алады. Қатысушылар шектеусіз өтініш бере алады.2.Байқауға кез-келген салаға қатысты келесі тақырыптардағы IT-жобалар қабылданады:
- Өнеркәсіп
- Медицина
- Білім беру саласы
- Мемлекеттік қызметкерлер
- Әлеуметтік сала
- Үлкен және кіші бизнес
- Мобильді қосымшалар
- Нанотехнологиядағы инновация
- Робототехника
3.Конкурс кезеңдері
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1 кезең – 01.04.2021-10.04.2021.Байқаудың I кезеңіндегі өтінімдерді қарау Сараптамалық комиссиясымен жүргізіледі . Ұсынылған жұмыстар қаралып, бағалау крийтерий бойынша, қазіргі заманға сай жоба жаңашылдығы, мазмұны, тәжірибелік маңыздылығына қарай жобалар 2 кезеңге іріктелініп алынады. 1 кезеңнен өткен қатысушылардың поштасына хат жіберіледі. I кезең қорытындысы бойынша аппеляция жұмысы қарастырылмайды.
2 кезең – 19.04.2021.Іріктелініп алынған жобалар 5 минуттік презентация түрінде сарапшылар алдында қорғалады.
Іріктеудің өткізілу тәртібі: Байқаудың I кезеңіндегі өтінімдерді қарау Сараптамалық комиссиясымен жүргізіледі.
4.Жобаларды таңдау критерийлеріКонкурсқа қатысуға жарияланған IТ жобаларын бағалауды Сараптама кеңесінің мүшелері келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
– алға қойылған мақсаттарға жету;- жобаның өзектілігі;- әлеуметтік маңыздылығы және / немесе экономикалық тиімділігі (жобаның түріне байланысты);- инновациялық және технология жағынан маңыздылығы;- жобаның перспективалары (әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі)жетілдіру);- жобаны іске асыру мүмкіндігі / қазіргі тәжірибе.
5.Байқауға қатысу шарттары
- Байқау 2021 жылғы 19 сәуірде қашықтықтан онлайн режимде өтеді.
- Қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 19 сәуір аралығында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің zoom платформасында өтеді.
- Өткізу уақыты: 14.30-16.00
- Жобаны қорғауға әр қатысушыға 4-5 минут беріледі.
- Жобаға қатысу- тегін.
Байқауға қатысу үшін өтініш толтырып, dariya_kusainova@mail.ru поштасы арқылы жіберулеріңізді сұраймын. Қосымша1
р/с | Қатысушының аты-жөні | Жетекшісі | Мекен-жайы, поштасы | Жоба тақырыбы
|
Байланыс телефоны |
1
|
Өміртай Маулен | Құсайынова Дария Кемелбайқызы | Талдықорған қ, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, dariya_kusainova@mail.ru | « »
|
- Ұсынылған жұмыстарды бағалау, жеңімпаздарды анықтау үшін құрамына «Жетісі дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу әдістемелік ортылығының мамандары, Жоғары оқу орындарының, колледждердің аға оқытушылары арасынан сараптамалық комиссиялар құрылады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау қатысушылардың, презентация бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
6.Қорытынды
1.Жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталады. Барлық қатысушылар мен жетекшілері сертификаттарға ие болады.
2.Барлық қатысушылардың электрондық мекенжайларына сертификаттар мен дипломдар жіберіледі.
- Ұйымдастырушының байланыс ақпараты
Байқау Ұйымдастырушысы: Мекен-жайы: Ілияс Жансүгіров көшесі 226, Талдықорған 040006, Телефон 8(7282)221891
Байқау сұрақтары бойынша : Құсайынова Д.К (ұялы телефон 87789339046 (WhatsApp)),e-mail: dariya_kusainova@mail.ru