Есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты

Published by tptk.kz on

Көкшетау қаласында өткен Есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа Қазақстанның 14 аймағынан 140-қа жуық спортшы қатысты.

Республикалық чемпионатқа Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысып жүлделі орындарға ие болды.

55 кг салмақ дәрежесінде Зейнеев Медет 1 орынды иеленді!
Сонымен қатар, медет Түркия еліне әлем біріншілігіне жолдама алды!

Ф-913 топ студенті Мухаметкалиев Ролан Жастар арасында 60 кг салмақ дәрежесінде 1-орын жеңімпазы, ересектер арасында 60-кг салмақ дәрежесінде 2-ші орын алды!

55кг салмақ дәрежесінде ИС-813б топ студенті Кадырбаев Елнар III орынды иеленді!

72кг салмақ дәрежесінде: ИС-813б топ студенті Каримов Салауат II орын, 23 жасқа дейінгі 70кг салмақ дәрежесінде III орын иегері атанды!