«Қашықтықтан оқытудағы цифрлық сервистер»

Published by tptk.kz on

2021 жылдың 17 наурызында «Таlap» КЕАҚ қолдауымен және Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі «Қашықтықтан оқытудағы цифрлық сервистер» атты республикалық онлайн-семинар өткізді.

Колледждің арнайы пәндер оқытушысы Баяхметов Мирас Қадылғазыұлы семинарға спикер ретінде қатысып, «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда Learnis білім беру платформасын қолдану» тақырыбы бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті. Республикалық онлайн-семинарға ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Categories: НОВОСТИ