ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестестіктің басты мақсаты кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру, мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен қатар, студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде шыңдай түседі.
Қазіргі таңда Талдықорған жоғары политехникалық колледжнің әлеуметтік серіктестері «Knauf» құрылыс компаниясы, «Didakt-KZ», «Алматы облыстық АО «КазПочта», Q-PRINT полиграфия орталығының «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, ТОО «Тавиди», ЖШС «Шымыр» директоры, ТОО «Жетысу жарнама» ,«АЛЕМBUILDING» сияқты кәсіпорындарымен жұмыс жасауда. ІТ, құрылыс және коммуналдық шаруашылық және кәсіптік білім беру мамандығының студенттері қазіргі уақытта дуалды оқыту жүйесі негізінде аталған мекемелерде өндірістік-тәжірибеден өтіп жатыр.
Айта кетейік, жақында Білім туралы Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты, енді студенттердің кәсіби тәжірибесі еңбек өтіліне саналатындығы айтылды. Яғни дуалды оқыту туралы келісім-шарт жұмыс өтілін растайтын құжаттар тізбесіне кіретіні көрсетілген. Бұл студенттердің мамандық бойынша тәжірибеден өтуімен қоса, жұмысқа орналасуға да көп пайдасын тигізеді.