Ата-аналар комитеті
Жалпы ережелер
Ата-аналар комитеті балаларға жалпы орта білім беру ұйымдарында колледжге және отбасыға көмек көрсету мақсаттарында құрылады. Олар оқушыларда ғылым негіздері туралы терең және берік білімді қамтамасыз етуде, оқушыларда жоғары адамгершілік қасиеттерін, еңбекке зерделі көзқарасты, жауапкершілікті және тәртіпті, өзін ұстау мәдениетін тәрбиелеуде, оқушылардың құқықтық, эстетикалық, физикалық тәрбиесінде, олардың денсаулығын сақтауда педагогикалық ұжымға көмек көрсетеді.
Ата-аналар комитетінің міндеттері мыналар болып табылады:
Колледждің педагогикалық ұжымы мен отбасының балаларға бірлесіп тәрбиелік әсерді белгілеу мақсаттарында отбасы мен колледж арасында байланыстарды жан-жақты нығайту. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды анықтауда және қорғауда көмек көрсету.
Ата-аналар комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны:
Жалпы колледж ата-аналар комитетінің басшылығымен колледжде жұмыстың бөлек тараулары (педагогикалық насихаттауды өткізу, еңбек тәрбиесі және қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастыру, мәдени-көпшілік жұмыс, шаруашылық, спорттық-сауықтыру және т.б. жұмыстар) бойынша тұрақты немесе уақытша комиссиялары құрылуы мүмкін. Комиссиялардың құрамы және олардың жұмысының мазмұны ата-аналар комитетімен анықталады.
Ата-аналар комитеті келесідей көмек көрсетеді:
- Педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналарымен және жұртшылықпен байланыстарын нығайту;
- Сабақтан тыс уақытта оқушылармен тәрбие жұмысында ата-аналарды тікелей қатысуға тарту;
- Оқушылардың кәсіптік бағдары бойынша жұмыс;
- Жиналыстарды, ата-аналарға арналған баяндамаларды, дәрістерді оқуды, отбасылық тәрбие тәжірибесімен алмасу жөніндегі сұхбаттарды ұйымдастыру және өткізу;
- Санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- Демалыс кезеңінде оқушылармен сауықтыру және мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу уиниверситетінің “ Zhansugurov College” ата-аналар кеңесінің жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы