85 ЖЫЛ ДАМУ ЖОЛЫНДА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Published by admin on

85 ЖЫЛ ДАМУ ЖОЛЫНДА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
25-26 қарашада Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 85 жылдығына орай «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа серпіні» атты халықаралық практикалық конференция өткізілді.
Мақсаты: білім беру саласындағы мамандардың, жетекші сарапшылардың қатысуымен озық идеяларды іздестіру, инновациялық тәжірибені және ТжКБ-нің өзекті міндеттерін іске асыру перспективаларын талқылау үшін диалог алаңын құру.
Конференция екі кезеңде өтті: сессиялық жұмыс және ресми бөліммен бірге панельдік пікірталас. Сессия залында қатысушыларда РФ-да өндірістік оқыту шеберлерін даярлау тәжірибесімен таныстырылды. Ресми бөлімінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің 85 жылдығына орай панельдік пікірталас Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуға арналды. Сонымен қатар, конференцияда Білім және ғылым министрлігі, Алматы облысының білім басқармасы, Онтүстік Корея, Англия, Ресей және еліміздегі алдыңғы қатардағы колледждердің өкілдері қатысты.

Categories: НОВОСТИ