«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі

Published by tptk_kz on

📢 «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі

🏗 Астана қаласында өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде бүгін ерекше сәттердің бірі орын алды. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ш. Нұрғожаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа колледж алаңын таныстырып, өздерінің инновациялық білім беру бағдарламаларын ұсынды.

🚁 Колледждің басты ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды дайындау. Осы фестиваль аясында «Дрон операторы» мамандығы бойынша тәжірибелік шеберлік сабақтары өткізілді. Қатысушылар ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың жұмысын іс жүзінде көріп, жаңа технологиялармен танысты.

🎯 Жетісу облысының білім беру жүйесі заман талабына сай жаңарып, білікті мамандар даярлауды жалғастырады!

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *