ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉
🚀 Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары стартаптар мен инновациялық жобалар байқауларында үлкен жетістіктерге жетті!
🏆 “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты аясында арнайы пән оқытушысы Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы “Волонтерлік” бағыты бойынша жеңімпаз атанып, 3 000 000 теңге иеленді!

🏆 Antikor 24 жобасымен Кулынтаева Асель Ержановна мен Токанова Жулдыз Талгатовна республикалық конкурста 2-орын иеленіп, 150 000 теңге жүлдеге ие болды!

🏆 Aninobe жобасымен білімгер Менлибай Ақжол Jetisu Digital инкубациялық бағдарламасында 1-орын алып, 150 000 теңге жеңіп алды!

🏆 “Цифрлық технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін” Кулынтаева Асель Ержановна “Стартап мәдениетінің үздік менторы” номинациясымен марапатталды.

🏆Jetisu Digital хакатонында Тәуелсіздік күніне орай біздің колледж студенттері жоғары нәтиже көрсетті! “Циклон” командасы 3-орын алып, 100 000 теңге жеңіп алды!

💡 Бұл жеңістер – студенттер мен оқытушыларымыздың шығармашылық әлеуеті мен табандылығының жарқын дәлелі.
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
0 Comments