“MISS POLYTECH-2024”

Published by tptk.kz on

7 ақпан күні жоғары деңгейде “MISS POLYTECH-2024” байқауының финалы өтті. Аталмыш байқау қатысушылардың сұлулығын, зияткерлігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

“MISS POLYTECH-2024” байқауының нәтижесінде бас жүлдені иеленіп, Айтақынова Ақерке Семғалиқызы «MISS POLYTECH» атағын жеңіп алды.

Молдәлім Гүлнұр Жаңабайқызы І вице-мисс атанып, оның да өзіндік ерекшелігімен  бағаланды. Шонырақ Әнел Бауыржанқызы мен Құрманғали Ақбота Ермекқызы сәйкесінше ІІ және ІІ вице-мисс атанды, олардың әрқайсысы өзіндік жеке қасиеттерімен және таланттарымен ерекшеленді.

Шальнева Наталья “Miss People’s Choice” атағын иеленді, бұл оның көрермендер арасындағы танымалдылығын көрсетті.

“MISS POLYTECH-2024” байқауының финалы қатысушылардың өздерінің таланттарын және қабілеттерін көрсетуіне ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби және жеке дамуына да ықпал ететін құнды тәжірибе болды. Бұл іс-шара қатысушыларға өздерінің сенімділіктерін арттыруға және өз мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесті.

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *