«WORLDSKILLS ZHETYSU 2023» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ 

Published by tptk.kz on

«Техникалық және кәсіптік білімнің  мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау» мақсатында «Worldskills Zhetysu 2023» аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында келесі құзіреттіліктер бойынша өтеді: Web технологиялар, Бизнес үшін  ІТ шешім, Графикалық  дизайн, Желілік және жүйелік әкімшілендіру, Ақпараттық кабелдік желілер, Киберқауіпсіздік, Бұлтты технологиялар, Прототиптеу, Ұялы қосымшаларды бағдарламалау, Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, Инженерлік графика Cad, Электроника,Заттар интернеті

«Worldskills Zhetysu 2023» аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақтық чемпонатқа облысымызың және өзге өңірлерден 178 студент 27 құзіреттілік бойынша қатысуда. Чемпионат жеңімпаздары Жетісу облысының командасы құрамында 2023 жылы 20-28 маусым аралығында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа 29 құзіреттілік бойынша қатысатын болады.

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *