«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» тақырыбында пікірсайыс турнирі болып өтті

Published by tptk.kz on

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық деңгейде «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел!» тақырыбында пікірсайыс турнирі болып өтті. Мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты іздеу және сараптау дағдыларын дамыту.

Турнирге Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді. Жалпы облыста орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 16 фракция қатысты. Нәтижесінде қазақ лигасынан Zhansugurov college – 1 орын, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі – 2 орын, Қапал кәсіптік-техникалық колледжі мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті командалары – 3 орынды иеленді. Орыс лигасы бойынша, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 2 тобы – 1,2 орын, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі мен Көксу ауылшаруашылық колледжі – 3 орынды иеленді.

Турнирдің бас төрешісі халықаралық эксперт Гауфарья Ахметқызы және төрешілер құрамына республикалық турнирде жеңімпаз атанған мектеп фракцияларынан жетекшілер мен оқушылар тартылды. Турнир соңында үздік төрешілер мен спикерлер анықталып, марапатталды

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *