ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2022 ЖЫЛДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Published by tptk.kz on

ҚР Мәжіліс депутаты Жанна Телпекбаеваның Алматы облысындағы кезекті іс сапарында Талдықорған жоғары политехникалық коллеждінде болып, колледж оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

ISO 37001:2016 халықаралық стандартының енгізілуіне орай Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «CERT INTERNATIONAL» сертификаттау мекемесінен қосымша Алтын сертификатына ие болды

Алматы облысы білім және ішкі саясат басқармаларының бірлесіп «Өмірлік бағдар» жобасын жүзеге асырылды.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі студенттерінің арасында “Колледж директорының гранты «Startup Polytech» стартап бизнес-жобаларын байқауы ” өтті.

Негізгі және жалпы орта білім беру жүйесіне WorldSkills стандарттарын енгізу және мектеп оқушылары арасында кәсіптік техникалық мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында «WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU» аймақтық чемпионат өткізілді

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде дәстүрлі 9-сынып оқушыларына жаңа форматта «OPEN DAY» ашық есік күні өткізілді

Қазақстан Республикасы Парламенті 
Сенаты депутаттарының Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “Фаворит”командасы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің ұымдастыруымен өткізілген Ректор кубогының финалында жүлделі 2-ші орынға ие болды!

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты  Әбсеметова Әлия Маратқызы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде кездесу өткізді.

NCCER АҚШ Бағдарламасына сәйкес «Project Supervision» Халықаралық салалық Аккредиттеу процесінің 3 кезеңінен өтті.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің командасы педагогтер, қызметкерлері арасында ШАҒЫН ФУТБОЛДАН жүлделі 🥈ІІ орын!

Қазақстан колледждерінің студенттері арасында: БАСКЕТБОЛДАН жүлделі І орын! ҮСТЕЛ ТЕННИСІ жүлделіІ орын! ВОЛЕЙБОЛДАН жүлделі ІІІ орын! ФУТЗАЛ жүлделі  ІІІ орын!

Жетісу телеарнасының «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» бағдарламасында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі туралы деректі фильм шықты.

2021-2022 оқу жылында педагог қызметкерлердің шеберлігінің рейтинг жүйесі нәтижесі бойынша жылдың үздік оқытушылары марапатталды!

WELCOME DAY- Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №23 мектеп оқушыларына арналған апталық

ІТ бағыты бойынша дайындық курсын сәтті аяқтап, сертификаттар табысталды.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында «DEMO DAY» жұмыс берушілерге арналған ашық есік күні өткізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.С. Андабеков Талдықорған политехникалық колледжі студенттерімен кездесті.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегерлері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, “Мейірім-2020” еріктілер қозғалысының жетекшісі, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы және колледжіміздің белсенді студенті, «Корпоративтік волонтерлік көшбасшы» номинациясының жеңімпазы Саматқызы Шырай!

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Саматқызы Шырай Жетісу облысы әкімінің “Көшбасшы-2022” жастар сыйлығының “Үздік жас білімгер” номинациясының жеңімпазы

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» – Агапов Павел “Web технологиялар” құзіреттілігі бойынша Worldskills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ІІІ орын жүлдегері атанды! “Үздік маман” номинациясының иегерлері: “Ақпараттық кабельдік желілер” құзіреттілігі бойынша Сейд-Оглы Наргүл және “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” құзіреттілігі Баймуханбетов Тимур Серикович!

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында коллеждімізде оқитын Балалар үйінің түлектеріне балаларға мерекелік көңіл сыйлау мақсатында қаржылай сертификаттар табысталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдіқ Парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің комплаенс офицері Елеуова Сахан Сериковна Алғыс хатпен марапатталды!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Сингапур Наньян технологиялық университеті (Сингапурдың NTU) бірлесіп «Оқыту мен оқудағы инновация STEM» курстарын өткізді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Talap КЕАҚ қолдауымен Германияның Аға сарапшылар қызметімен ( SES – Senior Experten Service) – ақпараттық техника, коммуникация құралдары, құрылыс ісі бойынша білікті кадрларын даярлаумен байланысты сараптамалық қолдау көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі жобаның қатысушысы ретінде бекітілді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білім беру бағдарламаларына ІТ бағыты бойынша ҚР жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласынан 4 жаңа мамандық енгізіледі.

«Zhas Project» пилоттық жобасына Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен ерекше білімді қажет ететін білім алушылары ұсынған әлеуметтік 3 жобасы үздік танылып, грант ұтып алды

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *