«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯ
Салалық аккредиттеу – белгіленген халықаралық салалық стандарттарға сәйкес аккредиттеу органының білім беру ұйымының сапасын бағалау процесі. Аккредиттеу процесі оқытушыларды тестілеуді, талдауды, оқытуды және сертификаттауды, қазіргі халықаралық салалық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңартуды және әзірлеуді қамтиды.
Халықаралық салалық аккредиттеу шеңберінде «Жас Маман» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы және халықаралық салалық бағалау, сондай-ақ шетелдік әріптестердің ұсыныстарына сәйкес Стратегиялық жоспар әзірленді. IT бағытында City & Guilds (Ұлыбритания) компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағытында NCCER (АҚШ) аккредиттеу орталығының өкілдерімен байланыс орнатылды, қазіргі уақытта Қазақстандағы филиалымен (APEC TC) тығыз жұмыс жүргізілуде.