«KazAeroSpace» ЖШС өкілдерінің Талдықорған жоғары политехникалық колледжіндегі сапары

Published by tptk.kz on

2022 жылдың 3 ақпанында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «KazAeroSpace» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті. KazAeroSpace өкілдері колледждің бағыттарымен және техникалық базасымен танысты.

KazAeroSpace – 2D және 3D модельдеу бойынша Қазақстан Республикасындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын бірінші қазақстандық жеке аэроғарыштық компания. KazAeroSpace – 2015 жылдың 19 тамызынан бастап ол Географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) жобалаумен, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді (БҚ) әзірлеумен айналысады.

Categories: НОВОСТИ