№6 «Автокөлік құралдары және кәсіптік оқыту» кафедрасының апталығы

Published by tptk.kz on

Апталық бекітілген жоспар бойынша 2021-2022 оқу жылы 31 қаңтардан 4 ақпан аралығында өткізілді.  

АШЫҚ САБАҚТАР:

01.02.22ж сағат 11:20да АРС-011б тобымен «Электр жабдық құралдарын жөндеу» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Әбілмәжін К.Ә ашық сабақ өткізді. Мақсаты:Автокөліктің электроника жүйелерін ақауын тауып жөндеуді үйрету. Сабақты білім алушылармен интерактивті тақта, оқу стенді мен Mozaiweb симмуляторымен жүргізді.

01.02.22ж сағат 13:30да ПВ-01б тобымен «Педагогикалық зерттеу әдістері» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Есен Г.Ж онлайн ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесін меңгеру.

Білім алушылар ZOOM платформасында Jamboard интерактивті онлайн тақтасында Венн диаграмасын толтырды, екі білім жүйені салыстыра отырып, білім алушылар өз жауаптарын  бере алды.

02.02.22ж сағат 11:20да АРС-011б тобымен «Автокөлік қозғалтқышын бөлшектеу» тақырыбында өндірістік оқыту шебері Габдулгазизов А.Н ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Білім алушыларды автокөлік қозғалтқышын бөлшектеуді үйрету. Сабақты білім алушылармен интерактивті тақтамен және Mozaiweb симмуляторымен жүргізіп, практикалық жұмысқа білім алушыларға бокстагы ГАЗ-53 қозғалтқыш бөлшектерімен жұмыстар жүргізілді.

02.02.22ж сағат 13:30да ПВ-911б тобымен «Сабақта пайдаланатын рефлексия түрлерін ұйымдастыру»  тақырыбында арнайы пән оқытушысы Толегенова А.С онлайн ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Сабақ жоспарында рефлексияны қолдану. ZOOM платформасында жүргізілді.

03.02.22ж сағат 09:40да АРС-011б тобымен « Автокөліктің шанақ құрылғысы» тақырыбында арнайы пән оқытушысы жас маман Машрипханов О.А ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Автокөліктің шанақ бөліктерін ажыратуды үйрету. Сабақты білім алушылармен интерактивті тақтамен және Mozaiweb симмуляторымен жүргізіп, практикалық жұмысқа білім алушыларға бокстагы ВАЗ-2107 – ң шанақ құрылығыларымен жұмыстар жүргізілді. Сабағының соңында Quzziz.com бағдарламасымен бекітіп, сол бағдарламамен бағалап шықты. Сабағына әдіскер 5 оқытушы қатысты. Қатысқан оқытушылар сабақтың қызықты өткенін және қолданылған АКТ-ды өз сабақтарында қолдануға болатындығы туралы айтты.

ШЕБЕР-СЫНЫП

01.02.22ж сағат өндірістік оқыту шеберлерге арналған  «Өндірістік сабақтарында Electude симуляторы және SIKE Mechanic бағдарламасымен жұмыс істеу қолдану тиімділігі» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Болатұлы А аймақтық шебер-сынып өткізді. Оқытушы ZOOM платформасында өндірістік оқыту шеберлеріне Electude симуляторы және SIKE Mechanic бағдарламасымен қалай жұмыс жасау керектігі бойынша жұмыстар жүргізілді.  Басқа колледждің өндірістік оқыту шеберлері осы симмуляторлар мен бағдарламалармен жұмыс жасайсыздар ма? – деген және т.б сұрақтар қойылды. 70 өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

02.02.22ж сағат 15:30 да колледждің жас мамандар арасында   «Worldwall оқу ресурсын сабақта қолдану тиімділігі»тақырыбында арнайы пән оқытушысы Умарова Ш.А шебер-сыныпты өткізді. Мақсаты: Бағдарлама бойынша мағлұмат беру, сабақтарда Worldwall оқу ресурсымен жұмыс істеу.

Барлық жас маман оқытушылары қызғушылықтарын танытып, Worldwall оқу ресурсы сайтына тіркеліп, 1 тапсырмадан орындап шықты. Соңында Worldwall сайтындағы сілтемесі арқылы «Қоқыс жәшігі» рефлексия түрімен кері байланыстарын берді.

Categories: НОВОСТИ