«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.
«Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни, олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманауи шығармалар енетін болады.
Осы акция аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Тілтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 25.02.22-25.03.22 ж. аралығында колледж қызметкерлері мен білімгерлері арасында оқу мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында төменде көрсетілген шығармалар көпшіліктің оқуына ұсынылады:
1. Дулат Исабеков «Біз соғысты көрген жоқпыз…»
2. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»
3. Эрнест Хемингуэй «Старик и море»
4. Валентин Распутин «Уроки французского»
5. Дәулет Төлеутайұлы «Бизнеске бағыт»