ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК БЕРІЛДІ

Published by tptk.kz on

Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады.

Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптарына сай жұмыс жүргізе алады.

Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінде және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді.

Categories: НОВОСТИ