МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҚАЗІР ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫ АРТТЫРАТЫН КЕЗ ЖЕТТІ

Published by admin on

Мемлекет басшысы білім саласына деген көзқарасты өзгертуге шақырды. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін, өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру керек екендігінде атап өтті.

Сонымен қатар, әлемдегі озық жоғары оқу орындарының елімізде филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл ең алдымен білім сапасын арттырып, білікті мамандарды оқытып шығаруға мүкіндік береді. Жақын арада Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

Categories: НОВОСТИ