Еліміз бойынша оқу мен тәжірибе тығыз байланысқан дуальды оқытуды дамытуда айтарлықтай қадам жасалды.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжіндегі 16 мамандықтың ішіндегі 13 мамандық бойынша 27 біліктілік дуалды оқытуға еңгізілді. Яғни, колледж бойынша оқып жатқан білім алушылардың ~ 73% пайызын құрайды.
Колледжге қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру болып табылады.
Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 2020-2021 оқу жылында 96% құрайды.