Біліктілік арттыру курстары – кәсіби өсудің кепілі
«Жас маман» жобасы аясында колледж басшылығы мен оқытушылары «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын трансформациялау процесінде көшбасшының рөлі: халықаралық тәжірибе» Алматы облысы колледждерінің басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсынан өтті.
«TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Білікті кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, оқытушылардың біліктілігін арттыру» курсынан – 27 оқытушы, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы академиясық дербестікті ескере отырып, білім процесін модельдеу» курсында 55 оқытушы оқытылды.
Сонымен қатар, колледждің 9 оқытушысы «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері болып табылады.