ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Published by tptk.kz on

«Talap» КЕАҚ ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Алматы облысының «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» МКҚК базасында «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің даму факторы ретінде» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру көрсеткіші ретінде оқу процесінде заманауи білім беру және өндірістік технологияларды қолданудың маңыздылығын демонстрациялау. Семинарда ТжКБ ұйымдардың озық тәжірибелері таратылады, сондай-ақ колледждердің әлеуметтік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастығын құру үшін сұхбаттық алаң құрылды.

Autus Global Limited (Ирландия) компаниясының директоры, жоба жетекшісі – Ольга Кеннелли, кәсіптік білім берудегі оқыту нәтижелерін бағалаудың үздік халықаралық практикаларына шолу жасады.

Ресей мемлекеттік кәсіби-педагогикалық университетінің халықаралық жобаларының жетекшісі, профессор, техника ғылымдарының докторы – Виталий Анатольевич Копнов, ТжКБ ұйымдарының педагогтерінің кәсіби дамуындағы жаңа тәсілдерді қалыптастыру механизмін ұсынды.

Семинар жұмысына облыстардың, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының білім басқармаларының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшылардың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік әріптестердің/бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде 6 құзыреттілік бойынша мастер-кластар өткізілді: IT-технологиялар, құрылыс, жиһаз өндірісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, наубайхана ісі, кондитерлік іс.

Республикалық семинарды өткізу нәтижелері бойынша ТжКБ жүйесінде түлектерді даярлауды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірленеді.
Барлық қатысушыларға семинар аяқталғаннан кейін сертификаттар берілді.

Categories: НОВОСТИ