WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – ШЕБЕРЛІККЕ ҚАДАМ!

Published by tptk.kz on

2021 жылдың 01 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «WorldSkills Kazakhstan 2021» – VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және «Talap» коммерциалық емес акционерлік қоғамы

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өткізілетін орын: «Казмедиа концерт залы», Қонаев көшесі 4 (2021 жылғы 01 қараша, сағат 12.00)

Чемпионаттың конкурстық бөлігінің негізгі құзыреттіліктері бойынша өткізілетін орны: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларындағы колледж базалары.
Еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі)

WorldSkills-тің 18 конкурстық алаңында 30-негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер (мамандықтар) бойынша бақ сынайды. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» – VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.

Categories: НОВОСТИ