ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТ
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында “NORM TEST” халықаралық аудиторы Павлов Константин Александрович ISO 37001 халықаралық стандартына сәйкестік аудиттінің екінші кезеңін өткізуде.
Осыған байланысты, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаев NORM TEST халықаралық аудиторы К. Павловпен кездесті.
Кездесу барысында барлық тараптар мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты алдын алудың озық құралдарын енгізудің маңыздылығын талқылап, маңызды жұмыста табыс тіледі.
Айта кету керек, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың халықаралық тәжірибесін алған Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік мекемелердің бірі.