АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КОМПЛАНЕС ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛАДЫ

Published by tptk.kz on

Алматы облысының білім негізгі міндеті білім беру ұйымы мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын комплаенс-қызметтері енгізіледі.

Осыған байланысты, сондай-ақ комплаенс институттын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті колледж директорларымен және білім бөлімдерінің басшыларымен кездесу өткізді.

Семинарда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары – Ж.С. Жұмабаев барлық қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы туралы таныстырып, халықаралық тәжірибені енгізудің алдын алу шараларын белгіледі.

Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар комплаенс-офицерлерді қосымша оқытуға қызығушылық танытып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Categories: НОВОСТИ