ОБЛЫСТЫҚ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ КЛУБЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТКІЗІЛДІ

Published by tptk.kz on

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қазанында облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өткізілді.

Осы орайда, жыл бойы клубтардың атқарған іс-шаралардың қорытындысы бойынша, барлық клубтардың жұмыстары бағаланып, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің алаңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен облыстық «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары слетінің марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов, Алматы облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова, клубтардың өкілдері, студенттер қатысты.

«Саналы ұрпақ» студенттік клубтары слетіне
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді!

Жеңімпаздар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамалар мен жемқорлыққа қарсы шараларға белсене қатысқан клубтар бағалы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

Құттықтаймыз!
#TJPK_2021
@tvptk_tdk

Categories: НОВОСТИ