«Жастар – қоғамның қозғаушы күші, үкілі үміті.

Published by tptk.kz on

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

Конкурс талантты жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және өздерінің білімдері, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке жеткен үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Конкурс ережесіне сәйкес, 2021 жылғы 1-31 қазан аралығында өңірлік кезеңнің 10 жеңімпаз студенттерін көрсете отырып, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларынан онлайн режимде өтінімдер қабылданады.
2021 жылғы 1-15 қараша аралығында онлайн-дауыс беру өтеді.

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!