БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
1 қыркүйек – Білім күні!
Бұл күн әрқайсымыздың өмірімізде ерекше орын алатын маңызы бар айтулы мереке. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, оқушылар да, студенттер де білім нәрімен сусындауға білім ордаларына асығуда.
Жаңа басталған оқу жылында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 1 курс туденттеріне арналған салтанатты жиын өтті, колледж қабырғасы студенттерімен толықты.
Колледж директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі,ЕҒА ғылым докторы Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында толағай табыстар тіледі.
Салтанатты жиын аяқталған соң студенттер колледждің оқу аудиторияларға өтіп, топ сағаттары өткізілді.