ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТОП 100 СТУДЕНТІ
Колледждердің үздік студенттері – еліміздің болашағының негізі. Колледждердің он мың студенттерінің ішінде Үздік жүздіктің қатарында болу – бұл үлкен жетістік. Жоба қатысушылары – еліміздегі колледждердің «ТОП-100 студенті» байқауының қорытындысы бойынша ең үздік жас білімгерлер.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «ҚР колледждерінің Топ 100 студенті» жобасына Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері Нәби Диас Мұхтарұлы, Тілеубай Диас Қайратұлы қатысып, республикалық жобаның жеңімпаздары атанды. Жоба жеңімпаздары министр атынан дипломдармен және меценаттар атынан сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты: талантты жастарды қолдау, білім, дағдылар мен таланттың арқасында жетістікке жеткен ТжКБ оқу орындарының үздік студенттерін көтермелеу және ілгерілету; техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарын танымал ету.
Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады: колледж ішкі кезеңі, аймақтық кезең және республикалық кезең. Республикалық кезеңнің міндеті жеңімпаздардың жетістіктерін кеңінен жария ету, оларды одан әрі танымал ету және республикалық деңгейде ілгерілету болып табылады.