ДУАЛДЫ ОҚЫТУ МОДЕЛІ

Published by tptk.kz on

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.

Дуалды оқыту моделі – студенттерге жұмысқа орналасу барысында кәсіпорында өндірістік тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Теориялық курс шеңберінде даярлау сапасы үшін оқу орны, ал практикалық оқыту модулі шеңберінде – кәсіпорын мен оқу орны жасалған келісімге сәйкес жауапты болады.

Дуальды оқыту моделін енгізу мақсаты: экономиканың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысшы кадрларды даярлау
Негізгі міндеттері: дуальды оқыту жүйесін енгізу және кеңінен тарату.

Кәсіптік білім берудің дуальді моделін енгізуден күтілетін нәтижелер:

– Нақты өндіріске бағытталған кәсіби білім.
– Кәсіпорын тарапынан білім беру процесіне қатысу үлесін арттыру.
– Жеке білім беру бағдарламаларының вариативтілігі.
– Түлектер мен педагог кадрларды даярлау сапасын тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту.
– Білім берудің жаңа нысандарын дамыту нәтижесінде жұмысшы кадрлар біліктілігінің айтарлықтай өсуі және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.

Жобаға қатысушылары үшін тиімділігі;

Кәсіпорын үшін:
Кәсіпорынның талаптарына сай келетін нақты технологиялық процестерге кадрлар даярлау.
Өнімділікті, қызметтер мен өнімдердің сапасын арттыру
Жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру

Білім беру жүйесі үшін:
Кәсіби білім сапасын арттыру
Білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, талапкерлер санын арттыру
Материалдық-техникалық базаны дамыту
Жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары %

Болашақ мамандар үшін:
Жұмыс пен еңбек қызметі үшін кәсіби құзыреттер мен дағдыларды игеру
Өндірістік практикадан өту кезеңінде еңбекке ақы төлеу
Өндірістегі нақты жұмыс жағдайларында оқу (машиналар, қондырғылар, жұмыс процестері және т. б.)

Categories: НОВОСТИ