ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS» ЖАТТЫҒУ ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУЫ
Елімізді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждің материалдық-техникалық базасыны халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтау, сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу арқылы Республикалық және Халықаралық World Skills чемпионаттарына студенттерді дайындау барысында шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту.
«Жас маман» жобасының шеңберінде колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. Студенттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша оқыту мақсатында қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттары бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер желілік құрылғыларды консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді. Жаңа материалдық-техникалық база еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.
Колледждерді жаңғыртуға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалды. Нәтижесінде Талдықорған жоңары политехникалық колледжінде World Skills жаттығу лагері құрылып, бізге әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта жаттығу лагерінің жұмысының нәтижесінде колледжіміздің студенттері Республикалық World Skills чемпионатында дайындық үстінде.
Басты оқу корпусының үшінші қабатында және оқу-өндірістік шеберханаларында ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттарына арналған WorldSkills жаттығу лагері орналасқан. World Skills жаттығу лагерінде келесі құзіретіліктер бойынша чемпионатқа дайындайды:
ІТ бағыты: «Web-дизайн және әзірлеу», «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Бизнеске арналған IT-шешімдер», «Электроника», «Инженерлік графика Cad», «Заттар интернеті», «Бейнемонтаж», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Баспа технологиясы».
Сонымен қатар Құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша: «Тас қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Тақтайшалармен қаптау», «Бетон жұмыстары», «Ағаш ұста ісі», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттіліктерін оқытуда.
Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілген болатын. Аймақтық чемпионат 18 компетенция бойынша облыстағы 15 колледжден 99 білім алушы қатысты.
Айта кетейік, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері 16 құзіреттілік бойынша аймақтық чемпионаттан жүлделі орныдар алып, қазіргі уақытта Республикалық «World Skills Kazakhstan» чемпионатында дайындық үстінде.
«Жас маман» жобасы негізінде алынған жабдықты оқу процесінде белсенді пайдалану білім беру қызметтерінің сапасын арттыратыны және түрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына дайындық кезінде үлкен артықшылық болатыны сөзсіз.