«Оқыту мен оқудағы инновация STEM» курстары жалғасуда
«Жас Маман» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Сингапур Наньян технологиялық университеті (Сингапурдың NTU) бірлесіп «Оқыту мен оқудағы инновация STEM» курстарына Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Арнайы пәндер оқытушысы Сатқұлов Бақтияр қатысуда.
Курстың негізгі мақсаты Темасек-Наньян политехникалық қорының халықаралық бағдарламасы аясында оқу орындарның оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру болып табылады.