Демонстрациялық емтихан дегеніміз не?

Published by tptk.kz on


Демонстрациялық емтихан – біліктілік емтиханы немесе жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау.
Демонстрациялық емтихан – түлектерді даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі (сертификаттау).
Жалпы алғанда, демонстрациялық емтихан, қазіргі тәсілдеме сияқты, нақты қызметтер мен өндірістік процестерді модельдеу жағдайында практикалық дағдыларды, білім мен машықтың деңгейін көрсетуді және тәуелсіз сараптамалық бағалау процедурасын қарастырады.
Басты айырмашылық бағалаудың заманауи мультикритериалдық әдісімен WorldSkills талаптарын (стандарттарын) қолдану болып табылады.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде World Skills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан 2021 жылдың 24 мамыры мен 11 маусымы аралығында келесі құзыреттер бойынша өткізіледі:

  1. Электроника
  2. Ақпараттық кабельдік желілер
  3. Web-дизайн және әзірлеу
  4. Графикалық дизайн
  5. Бизнеске арналған IT-шешімдер
  6. Прототиптеу
  7. Мобильді робототехника
  8. Желілік және жүйелік әкімшілендіру
  9. Кірпіш қалау
  10. Электрмонтаж
  11. Дене шынықтыру, спорт және фитнес
Categories: НОВОСТИ