ЖАС МАМАН ЖОБАСЫ – КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДА

Published by tptk.kz on

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру қолдау көрсету мақсатында «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі аталған жоба аясында ІТ, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтарын халықаралық талаптарға сай оқытуға атсалысуда.

Қазіргі таңта колледж «Жас маман» жобасы аясында « Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Сандық техника», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Пошта байланысы», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары үшін кәсіби стандарттарға негізделген бағдарлама талаптарымен жұмыс істеуде. Бұл студенттердің кәсіби біліктілігі мен сапалы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

Categories: НОВОСТИ