Нарықта жұмыс тәжірибесі мол IT-мамандары студенттерге сабақ бере алады

Published by tptk.kz on

Цифрландыру саласындағы мамандар ЖОО-лардың IT бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын саралайтын болады. Берілген ескертулер мен ұсыныстарды жоғары оқу орындары жұмыс барысында пайдаланады.

Ол ескертулер профилактикалық бақылауға, тіпті қажет болған жағдайда лицензиядан айыру бойынша шешім қабылдауға негіз болуы мүмкін.

IT-саласындағы жұмыс берушілер мен бейінді министрлік өкілдері бірігіп университеттерге болашақ мамандарды даярлау бойынша кәсіби стандарттарды ұсына алады.

Елімізде 80-нен астам жоғары оқу орны IT бағыты бойынша болашақ кадрларды даярлайды.

IT бағыты бойынша білім беретін оқытушының ғылыми дәрежесі болуы шарт емес және ол жоғары оқу орындарының штаттағы қызметкері болуы да міндетті емес.

Қазіргі таңда дипломның болуы жеткіліксіз, біліктілік санаты және мамандарды сертификаттау – жұмысқа қабылдаудың маңызды шарты болуы керек.

Толығырақ Білім және ғылым министрінің парақшасынан оқи аласыздар.

@edu_news_qz

Categories: НОВОСТИ