«Ең үздік механик-2021»

Published by tptk.kz on

Арнайы пәндер кафедрасының оқытушылары Мусауова К.С.,Садуакасова А.А. және Бутобаева А.А. облыстық деңгейде «Ең үздік механик-2021» атты байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты:
– мамандар даярлау сапасын анықтау,
– білімдері мен дағдыларды бекіту және тереңдету,
– мамандығы бойынша ең дарынды білімгерлерді анықтау болып табылды.

Байқау жүргізуде комиссияның құрамына колледждің серіктестігі АО ПТУЦ «ОТАН» автокөлік мектебінің өкілдері, колледждің тәжірибелі жоғары санатты оқытушылары және колледж әдіскері кірді.

Байқау 6 кезеңнен тұрды:
Команданың таныстыруы, еркін форматта;
«Кім тапқыр» сұраққа жауап, тапсырма ауызша электронды тақтада
орындалды;
Стартерді бөлшектеу және жинау, практикалық тапсырма (уақыт ішінде);
Генераторды бөлшектеу және жинау, практикалық тапсырма (уақыт ішінде);
Тренажорде «Жол жүру ережелерін сақтау»;
Стендтегі электр ақауларын табу, стендпен жұмыс

Байқауға Алматы облысы, Талдықорған қаласының «Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар» колледжі, Ескелді ауданы, Жастар аулының «Көксу ауылшаруашылық» колледжі және «Талдықорған жоғары политехникалық» колледжінің командалары қатысты.

Байқау нәтижесінде:
I дәрежелі дипломмен «Талдықорған жоғары политехникалық» колледжі;

II дәрежелі дипломмен Талдықорған қаласының «Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар» колледжі;
III дәрежелі дипломмен Ескелді ауданы, Жастар аулының «Көксу ауылшаруашылық» колледжі мараптталды.

Орын алған командаларға сыйлықтар тарту етілді. Байқауға білімгерлерді дайындаған үшін шеберлер мен оқытушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Categories: НОВОСТИ