“CREATIVE SPARK 2021” ЖАСТАР СТАРТАП ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Published by tptk.kz on

100 000 теңге және бағалы сыйлықтар.   Тіркелу

 “CREATIVE SPARK 2021” ЖАСТАР СТАРТАП ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
⠀Құрметті Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары.

Сіздерге Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері арасында «Creative Spark 2021» жастар стартап бизнес-жобаларын байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты колледж студенттерін кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы белсенділікті арттыру.
Байқаудың міндеттері: колледж студенттерінің өз идеясын анықтау үшін оқу курстарын өткізу, студенттер арасында инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу, білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Байқауға тек Талдқорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері, және өз жетекшілерімен қатыса алады.

Ұсынылатын жобалардың бағыты: еркін(шетеу жоқ)

Конкурс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – өтінімдерді қабылдау ( 2021 ж., 22 ақпаннан бастап 10 наурыз сағат 14:00-ге дейін). Келіп түскен өтінімдерді қабылдау.
Екінші кезең – Байқауға қатысушыларға 10 күндік оқу курсын ұйымдастырылады (08-21.03.2021 күндер аралығы). Курс мақсаты: өз идеясы жоқ студенттерге идея табуға бағыт беру, идеясы бар студенттерге өз идеяларын жетілдіруге көмек көрсету.
Үшінші кезең – жобаларды қорғау және жеңімпаздарды марапаттау (2021 жылдың 1-10 сәуір аралығында) конкурстық комиссияның қатысуымен өтеді. Жоба қорғау уақыты – 10 минут, жобаны талқылау – 5-7 минут.

Жеңімпаздарды марапаттау.
Байқау жеңімпаздары ақшалай(100 000 тг көлемінде) және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сонымен қатар олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруда көмек көрсетіледі.

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: Қатысуға өтініш (1-қосымша);
Колледж сайты арқылы өтінім жібере аласыз: https://thpc.edu.kz/

Материалдарды мекен-жай бойынша (немесе электронды түрде) немесе колледж сайты арқылы жіберулеріңізді сұраймыз:
Талдықорған қаласы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, 3 этаж 339 кабинет(Стартап академия).
Почта: zhiger.begdaulet@gmail.com

Байқауға қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
Байқауға жауапты:
Жігер Бегдаулетұлы, телефон: +7 778 583 27 95

Categories: Объявление