БҮГІН 1 – КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҒЫМЫЗБАР!

Published by tptk.kz on

Қалалық бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша дүйсенбі күні 15 ақпаннан бастап 1- курс білім алушыларын аралас форматты түрде оқытуға рұқсат берілді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 1 курс білім алушыларын оқуға қабылдауға дайын. Бізде барлық талапқа сай жаңа технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерінде оқытуды бастаймыз.

Білім алушылардың салауатты өмір салты және пандемиялық қауіптың алдын алу мақсатында, оқу кабинеттері, сабақ кестесі, қоңырау кестесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен шектелген.

Аралас форматтты оқудың тәртібі мен санитарлық талаптарды түсіндіру бойынша әр құзіреттілік орталық меңгерушілері мен топ жетекшілері білім алушылармен байланысқа шығып, тиесілі ақпараттар беруде.

Жатақханада тұратын білім алушыларға санэпидстанция бекіткен нормалармен сәйкес жатахана бөлмелері қамтамасыз етілген!

Біз Сіздерді күтеміз!

КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ.