«Қазақстан Республикасы колледждердің ТОП-100 студенті»
Бүгін Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы колледждердің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Жобаға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “Ақпараттық жүйелер” мамандығының ерекше білімді қажет ететін студенті Нәби Диас қатысып, «Қазақстан Республикасы колледждердің ТОП-100 студенті» қатарына енді.
Жоба талантты жастарды қолдау және жұмысшы кәсібін насихаттауға бағытталған.
Жобаға қатысқан барлық студенттерді жетістіктерімен құттықтай отырып, әрі қарай биік шыңдарды бағындыруда сәттілік тілейміз!