АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ»ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ
«ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ»ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде WorldSkills әдістемесі бойынша құзыреттердің таныстырылымы түрінде өзінің ішкі кәсіби шеберлік конкурсын өткізу жоспарланған. Конкурс өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби қызметінің қазіргі проблемаларын зерттейді. Өндірістік оқыту шеберін даярлаудың психологиялық-педагогикалық құрамын тексеруді практикалық оқыту сабақтарының жобаларын әзірлеу мен презентацияларды бағалау негізінде жүргізу туралы шешім қабылданды. Конкурсқа қатысушылар салалық мамандандыруға сәйкес келетін бейіндік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын мәлімдейтін тақырып бойынша мастер-класс және эссе түрінде көрсете алады. Педагогикалық бағыттағы тапсырмалардың кең спектрі қатысушылардың педагогикалық сауаттылық деңгейін анықтауға және өндірістік оқыту шеберінің өнімді қызметі үшін қажетті педагогикалық біліктер мен дағдылардың сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Іс-шараның басты міндеттерінің бірі ретінде WorldSkills конкурстық қозғалысына барлық дайындық деңгейіндегі мамандарды тарту белгіленді:
- «Өндірістік оқыту шебері» бойынша оқитын студенттер;
- Тәжірибесі үш жылдан кем жас мамандар (25 жасқа дейін);
- Үш жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі шеберлер (25 жастан асқан).
Конкурсқа қатысушылардың негізгі тобы «Өндірістік оқыту шебері» мамандығының студенттері және 25 жасқа дейінгі жас мамандар. Жобаға сәйкес WorldSkills конкурстық қозғалысына жарыс сарапшылары рөлінде белгілі бір құзырет бойынша өз конкурсантын дайындауға құқығы бар тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері тартылды. Сараптау комиссиясының мүшелері конкурстық тапсырмалар мен бағалау парақтарын талқылауға қатысады, қажет болған жағдайда WorldSkills техникалық комитетімен түзетулерді келісе отырып, оларға өзгерістер енгізеді. Осы тұрғыдан алғанда, біздің бағалауымыз бойынша, елімізде WorldSkills қозғалысына тартылған шеберлердің саны екі есе артуы мүмкін.