Тәуелсіздік – таңбасы
Азат елдің азаматы болып туған күллі қазақта арман бар ма?!
Таң атты. Шуақты күн шұғыласын шашты. Айналаға көз жібертіп қарасаң кең байтақ дала. Бұл Тәуелсіздіктің атқан таңы мен қазағымның кең байтақ даласы. Осындай жазиралы байтақ елімнің тарих шежіресі сан ғасырдың қойнауында жатыр.
Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті, қасиетті сөз. Тарих толқынында тереңде жатқан қазақ елінің шер толқытар сыры сол бірнеше жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігі еді. Тәуелсіздік те ел бірлігінің, мызғымас ынтымағының арқасында келді. Тәуелсіздік таңы атқанына міне 28 жыл толып отыр, осы уақыт ішінде Қазақстан өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқымыз да жетіп, біраз уақыт ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы орнады. Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болса, білім, ғылым, техниканың қарыштап дамуына ел ертеңі жалынды жастарымыз өз үлестерін қосып жатыр. Осы орайда Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде білім алып жастардың толағай табыстарға жетуіне көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Оқытушылармыз бен шәкірттеріміз талай белестерді бағындырып еліміздің білім саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Бүгінгі таңда Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Алматы облысының кәсіптік білім беру мекемелерінің жетекші инновациялық оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл заманауи цифрлық технологиялар мен қазіргі инфрақұрылымға негізделген мобильді білім беру ортасы бар беделді мекеме.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы -2018» облыстық байқауында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Колледждің қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі, оқу үрдісі, ғылым мен тәжірибені қатар ұштастырған ұтымды көрсеткіштері озық оқу мекемесі екендігінің тағы бір дәлелі.
Ауыз толтырып айтарлықтай тамырын тереңге жайған, 84 жылдық тарихы бар, Жетісудың байырғы, белді оқу орындарының бірі болып табылатын Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Мәңгілік елдің іргетасын қалауға өз үлестерін қосатын, білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда тынбай қызмет атқарып жатыр.
[su_slider source=”media: 9211,9212″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]