МОДУЛЬДІК-ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТӘСІЛДІ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтарын жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру» тақырыбында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында аймақтық семинар ұйымдастырды.
Әдістемелік семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында инженер-педагогтарға әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету, оқу сабақтарындағы тапсырмаларды құзыреттілікке негіздеп даярлаудың жолдарын кеңейту, электронды білім беру ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын ұсыну, оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру арқылы инновациялық тәжірибенің жинақталуын қамту болып табылады.
Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтары қатысып, оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру арқылы инновациялық тәжірибенің жинақтау бағыттарың айқындап, заманауи сабақты ұйымдастырудың бағыттары бойынша ақпараттар алды. Сонымен қатар оқу сабақтарындағы тапсырмаларды құзіретілікке негіздеп, даярлаудың электронды білім беру ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын үйренді.
[su_slider source=”media: 8793,8794,8795,8796″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]