«URANKZ»

Published by Админ on

2019 ЖЫЛДЫҢ 25-26 ҚАРАША КҮНДЕРІ ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылдың 25-26 қараша күндері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «URANKZ» қоғамдық бірлестігі БҰҰ бастамасымен «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы мен #НемолчиОА (ОА – Орталық Азия) қозғалысы аясында ұйымдастырылған
«Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа бірге қарсымыз!» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты – әйелдер мен балаларға, азаматтық секторларға, мемлекеттік күш құрылымдары және Халықаралық ұйымдарға зорлық-зомбылықпен күресуде тәжірибе, білім, мүмкіндіктерді біріктіру.
Халықаралық конференция бағдарламасында құқық қорғау органдарының қиын өмірлік жағдайдағы жасөспірімдермен және балалармен өзара әрекеттесуі туралы бірқатар дәрістер қарастырылған. Халықаралық сарапшылар түрлі елдердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және заңнама мәселелерін талқылады. Конференция қатысушылары үшін тәжірибе, білім, әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылықпен күресу мүмкіндіктері, азаматтық сектор, күш құрылымдары мен халықаралық өкілдерді біріктіру мақсатында дәрістер, шеберлік сабықтарын өткізді. Конференцияда құқық қорғау органдарының өкілдерімен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Бірқатар халықаралық сарапшылар әйелдер мен балаларға қатысты жеке адамға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстарды ашу тәжірибесімен, жаңа зерттеулер мен зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеудің әлемдік тәжірибесі туралы бөлісті.

[su_slider source=”media: 8722,8723,8724,8725,8726,8727,8728,8729,8730,8731,8732,8733,8734,8735,8736,8737,8738″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]

Categories: НОВОСТИ