«Өссе тілім, мен де бірге өсемін…»
Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі. Мұндай шаралардан біздің оқу орны Талдықорған жоғары политехникалық колледжі де қалыс қалмайды. Колледждің «Тілтану» кафедрасы әр жаңа оқу жылында «Білімгерлердің таным белсенділіктерін арттыруда оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану» мәселесі бойынша өз жұмыстарын жүргізіп келеді. «Тілтану» кафедрасының пән оқытушылары оқытудың түрлі әдіс тәсілдерімен технологияларын әр сабақтарда және сыныптан тыс шаралар мен топ сағаттарында үш тілде жүргізілуде. Оқытушылардың тәжірибе алмасу мақсатында жиі семинар, шеберлік кластары, интелектуалды марафон, кездесу кештері, тренингтер өткізіліп тұрады. Оқытушылар «Жас мамандар» мектебінде жас мамандарға түрлі шеберлік кластарын өткізіп өздерінің озық тәжірибесімен бөліседі. Студенттердің үштілді қолдана алатын жоғары білімге баулу мақсатында қала колледждерінің қатысуымен өткізіліп, өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Асыл сөз», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді», «Білімгерлер» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Сонымен қатар Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Алматы облысының әкімдігі «Тілдерді дамыту» жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен жалпы Қазақстандық диктант жазуда колледж оқытушылары мен студенттері қатысып жақсы нәтиже көрсеткені үшін Дүйсенбекова Ақерке мен Абдурашидов Хуршид дипломмен, алғыс хатпен марапатталды. «Қазақстандағы жазу тарихы және латын графикасын қабылдаудың ғылыми практикалық негіздері», жобасын көпшілік назарына ұсыну атты семинар, конференция өткізіліп студенттеріміз бен оқытушыларымыз өз пікірлерімен ой бөлісті. Ассамблеясының ұйымдастыруымен Кеген ауданында өткен «Қазақтану» жобасы аясында «Тәуелсіз елдің тарихы: Ұлы дала елінің мәңгілік дәстүрлері» атты облыстық форумы өтті. Аталған форумға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Колледж студенттері өлең оқып, мақал-мәтел айтып сайысқа түсті. «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» номинациясы бойынша Кадырова Патям ІІ -дәрежелі дипломмен, Ярмухаметова Дильназ бен Саутов Ислам белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Кеген ауданында «Қазақтану» жобасы аясында «Тәуелсіз елдің тарихы: Ұлы дала елінің мәңгілік дәстүрлері» атты облыстық форумы өтті. Аталған форумға колледж студенттері өлең оқудан, мақал-мәтелдер айтып сайысқа түсті. «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» номинациясы бойынша
Кадырова Патям ІІ -дәрежелі дипломмен, Ярмухаметова Дильназ бен Саутов Ислам белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
«Ұлы Дала» бағдарламасы аясында Қазақстанның тарихи жерлері атты ғылыми- практикалық конференция колледж студентерімен «Тіл» басқармасы және облыстық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Республикалық мәңгілік ел қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Үш бәйтерек» мәнерлеп оқу сайысына колледждің көркем сөз оқу шеберлері қатысып, нәтижесінде Байзақ Самал жүлделі II- орын алса, қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі ақын, жазушы А.С.Пушкиннің мерейтойына орай «Чистейшей прелести, чистейший образец» атты тақырыпта әдеби- сазды кеште өте жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізілді. Студенттердің көркем әдебиетті оқу, тарихымызды, өнерімізді сыйлау, құрметтеу мақсатында «Рухани ізденіс әдемі» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының мәниет қайраткері, ақын Жұматай Әміреевпен колледж студенттері арасында кездесу кеші өткізілді. Кеште ақын өзінің ақындық өмір жолын тыңдарман қауымға таныстырып, шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Студенттеріміз жақсы әсер алып өз ойларын да ортаға салды. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың поэзиясы мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды. Осыған орай, колледж кітапханасында Ә.Тәжібаев пен Ә.Кекілбаевтың белсенді оқырмандары Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды. Шара барысында хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержанның басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды. Аурухана төсегіне таңылған ер мінезді, жігерлі Ержанның өмірдің құндылығы, қилы тағдырларды суреттеген монолог оқырманын терең ойға батырды.
Колледжде өткізген іс-шараларымыз қаламыздағы барлық мекемелер «Тіл басқармасы, «Достық үйі» облыстық, қалалық кітапхана мен бірге ұйымдастырылып өтеді. Өткізілген әрбір іс-шараның мақсаты студенттерді Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Садуакасова Мира Науанқызы,
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің
«Тілтану» кафедрасының оқытушысы, кафедра меңгерушісі
Алматы облысы
Сондай-ақ, ҚР КҒА 43-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында студенттер ***** қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Алаш рухты ақын» Таңжарық оқулары І орын Бекмұратқызы Жұлдыз жеңімпаз атанды. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» қалалық конкурсында І орынды колледж студенті Турдахун Мадина жеңіп алды.
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Үлкендер жолы –ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты ардагер ұстаздармен сыр-сұхбат, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» шығармалар, мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып өткізілді. Жергілікті ақынымыз Алматы облысы әкімінің пресс атташісі С.Намазшамовамен және ***** кездесу өткізілді.
Қыркүйек айының 23-28 күндері колледжімізде «Тілдер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты тілдер апталығы және кафедраның онкүндігі болып өтті. Онкүндік Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай қалалық деңгейде ұйымдастырылған болатын. Маңызы зор шараның ойдағыдай өтуіне қазақ, орыс және ағылшын тілі оқытушылары атсалысып қатысты
Бүгінде латын әліпбиіне көшу мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағытталған оң шешім.
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Тілтану» кафедрасы әр жаңа оқу жылында «Білімгерлердің таным белсенділіктерін арттыруда оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану» мәселесі бойынша өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Кафедраның құрамында 23 оқытушы еңбек етіп келеді, олардың ішінде жоғары санатты – 8, бірінші санатты – 7 тіл маманы бар.
«Тілтану» кафедрасының пән оқытушылары оқытудың түрлі әдіс тәсілдерімен технологияларын сабақтарда және сыныптан тыс шаралар мен топ сағаттарында үш тілде жүргізілуде. Оқытушылардың тәжірибе алмасу мақсатында семинар, шеберлік кластары, тренингтер өткізіліп тұрады. Студенттердің үштілді қолдана алатын жоғары білімге баулу мақсатында қала колледждерінің қатысуымен өткізіліп, өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Асыл сөз», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді», «Білімгерлер» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Сондай-ақ, ҚР КҒА 43-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында студенттер А.Өмірходжаева, С.Жанабыловалар қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Алаш рухты ақын» Таңжарық оқулары І орын Бекмұратқызы Жұлдыз жеңімпаз атанды. «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық конкурсы І орынды студент Турдахун Мадина жеңіп алды.
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Үлкендер жолы –ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты ардагер ұстаздармен сыр-сұхбат, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» шығармалар, мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып өткізілді. Жергілікті ақынымыз Алматы облысы әкімінің пресс атташісі С.Намазшамовамен кездесу өткізілді.
Студенттердің көркем әдебиетті оқу, тарихымызды, өнерімізді сыйлау, құрметтеу мақсатында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша С.Торайғыровтың шығармашылығына «Алаштың ардақтысы, ақындардың сұлтаны – Сұлтанмахмұт Торайғыров» және Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Ш.Құдайбердіұлы шығармалары, Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» шығармаларына қала колледждері студенттерінің қатысуымен әдеби кештер өткізілді.
Бүгінде латын әліпбиіне көшу мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағытталған оң шешім.
Колледжімізде Алматы облысының әкімдігі «Тілдерді дамыту» жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының тілтанушы – мамандары шақырылып, «Қазақстандағы жазу тарихы және латын графикасын қабылдаудың ғылыми практикалық негіздері», «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасын көпшілік назарына ұсыну атты семинар, конференция өткізіліп студенттеріміз бен оқытушыларымыз өз пікірлерімен ой бөлісті. Қазақ тілі
әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктантқа колледж бойынша 437 студент, 120 оқытушы қатысты. Ұйымдастырылып өткізілген әрбір іс-шараларымыз өз мақсаттарына жетіп, зайырлы, мәдениетті және өркениетті, көптілді емін-еркін меңгерген жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.
Тілдер апталығының алғашқы күнгі ашылу салтанатына халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы, БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді
оқыту орталығының» мемлекеттік тілді оқыту әдістеме бөлімінің басшысы Б.Қ. Жексенғалиев, Тіл басқармасының бөлім басшысы Ж.Т. Ерназаров, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.С. Қыдыршаев, филология факультетінің деканы Қ.Т.Утегенова, кафедра меңгерушілері, университеттің оқытушылары және 1-курс студенттері қатысты. Тілдерді оқытудың практикалық курсы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, п.ғ.к., доцент, Дина Жақсығалиқызы Құсаинованың «Қазақстанда тілдерді қолдану мен дамытудың қазіргі жағдайы» тақырыбындағы баяндамасымен басталған отырыста еліміздегі түрлі халықтардың басын біріктіріп отырған тілдер жайында, оның ішінде мемлекеттік тіл мәртебесі болғанына қарамастан, қоғамда қағажу көріп жүрген қазақ тілі жайында біраз өткір ойлар, құнды пікірлер айтылды. Тіл басқармасының бөлім басшысы Ж.Т. Ерназаровтың «Батыс Қазақстан облысындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясаты» атты баяндамасында біздің өңіріміздегі мемлекеттік тіл саясатының орындалуына байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтылды.
Тіл мәселесін көтерген жиындарда үнемі жалаң ұранмен емес, жанашыр ойларымен ойлантып тастайтын Б.Жексенғалиевтің айтқан пікірі бұл жолы да тыңдаушыларын ұйытып тастады. Студенттер атынан сөз алған физика мамандығының 4-курс студенті Александр Козлов қазақ тілін өзінің жетік білетінін және қазақ тілін қазақтарға үйретіп жүргенін айтып, өзі сияқты студент жастарды уақыттарын тиімді пайдаланып, күш-жігері мол уақытта бірнеше тіл үйренуге шақырды. Әрине, жастардың арасында да тіл мәселесіне алаңдайтындары, тілге қатысты қандай да болмасын игі істердің басынан табылатын көкірегі ояу студенттер жеткілікті. Оған дәлел – осы жиында өз шығармашылығынан тілге арнаған туындыларын тарту еткен орыс тілінде оқытпайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Шара Жандарбекқызы мен 3-курс студенті Азамат Базарбаев. Апталық аясында, 24 қыркүйек күні кафедра оқытушылары Н.А. Қабошева мен А.С.Жұбанышева «Тілім менің» зияткерлік ойынын өткізді. Студенттердің тілге деген көзқарастары мен жалпы дүниетанымын, ұлттық құндылықтар туралы білім көкжиегін байқауды мақсат еткен бұл ойынға тарих, құқықтану, шет тілі, экономика мамандығының 1-курс, орыс бөлімі студенттері қатыстырылды. Барлығы 7 кезеңнен тұратын ойын тартысты әрі қызықты өтті, қатысушылар екі топқа бөлініп, түрлі тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап берді, алдарына берілген қазақ халқының тұрмыста қолданған көне бұйымдары туралы білгендерін ортаға салды. Сондай-ақ, бұл сайыста қатысушылар қала көшелеріндегі мемлекеттік тілде жазылған жарнамалардың грамматикалық, стильдік қателерін түзетуге тырысты.
Қыркүйектің 26-сы «Дизайн» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Тілдерді меңгерейік» тақырыбында шеберлік сағаты болып өтті. Шараның мақсаты студенттердің бастамасын қолдап, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру болды. Ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Л.Т.Даулова мен Н.К.Лысенконың “Polyglots’ Competition” (полиглоттар байқауы) өтті. Байқауға 4 команда қатысты. Команда құрамындағы А.Аманшина, Р.Шакирова, Г.Мендинова, Ж.Шайхиева, И.Юрикова, Г.Абилов, Л.Маратова, А.Өтегенова, Г.Кабиева сынды 1 және 2-курстың студенттері белсенділік танытты. Бұл топтар ағылшын тілін жаңадан бастағандарына қарамастан ойын барысында тілдік білім деңгейлері жоғары деңгейде екенін байқатты. Байқау 6 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде әр команда өз тобын, ұранын ағылшынша таныстырса, «Вокруг Света» деп аталған 2-кезеңде жүргізушілердің әлем тілдері туралы қазақ-орыс тілдерінде қойылған сұрақтарына жауап беруге тиіс болды. 3-кезең үй тапсырмасына арналды, бұл кезеңде студенттер өздері дайындаған әзілге құрылған қойылымдар қойып, ән салды, ағылшынша өлең оқыды. «Полиглот» кезеңінде командалар тіл, әдебиет, мәдениет саласынан сұрақтарға жауап берді, бұл кезеңде сұрақ ағылшынша қойылғанымен жауап міндетті түрде 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілу керек деген талап қойылды. 5-кезең «Узнай героя» деп аталды. Бұл кезеңнің тапсырмасы: бүкіл әлемге танымал тұлғаны фотосуретіне қарап танып және оны суреттеу. Соңғы «Угадай мелодию» кезеңінде түрлі тілде жазылған аудио материалдармен бірге әуенді таңдап, қай тілде екенін анықтау керек болды. Қатысушыларға өздерімен қатар оқитын өзге студенттер қолдау білдіріп, қошеметтеп отырды. Соңында халықтар достығының символы іспеттес «Әрқашан күн сөнбесін» әнін ағылшын тілінде орындады. Тіл туралы қызықты ақпараттармен әсем безендірілген шарадан көрермендер де көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Апталықтың соңғы күнінде «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы оздырылды. Бұл сайыста да студенттер заман талабына сай үш тілді де еркін меңгергендіктерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқып, өзгелерден озық шыққан «шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенті Д.Чуковенкова және ағылшын тіліндегі өлеңді нақышына келтіріп оқудан алдына жан салмайтын «экономика» мамандығының 1-курс студенті А.Ергашова жүлделі І орынды иеленді. Апталық жұма күні қорытындыланып, белсенділік танытқан студенттер мен оқытушыларға алғыс хаттар табыс етілді. «Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да жоғары оқу орындарында мұндай игі шаралардың өтуі аса маңызды. Студенттерге терең біліммен қатар, саналы тәрбие беретін оқу ордасында бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.
[su_slider source=”media: 8549,8550″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]